Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Гилимов Самат Қуанышұлы, 1964 жылы 24 қыркүйекте Атырау облысында туған. 1987 жылы  Алматы қаласындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алған. Содан кейін  2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясында заңгер мамандығы бойынша екінші жоғары білімін тамамдады.

Еңбек жолы:

01.07.1981 ж.-26.08.1982 ж. «Қосшағыл» совхозы жұмысшысы, Атырау қаласы

01.09.1982 ж.-01.08.1987 ж. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының студенті, Алматы қаласы

10.09.1987 ж.-18.06.1988 ж. Қосшағыл совхозы, «Қосшағыл» совхозы автогараж меңгерушісі, Гурьев облысы

18.06.1988 ж.-03.11.1990 ж. «Қосшағыл» совхозы МТМ меңгерушісі, Қосшағыл совхозы

12.11.1990 ж.-03.06.1991 ж. «Теңдік»  совхозының бас инженері, Теңдік совхозы

04.06.1991 ж.-01.09.1992 ж. «Атыраурыбпром» басқармасы инженері, Атырау қаласы

01.09.1992 ж.-24.08.1993 ж. «Меркурий- Интернейшнл» совет француз кәсіпорнының техникалық директоры, Атырау қаласы

25.08.1993 ж.-07.08.1995 ж. «Алин-Холдинг» ЖШС өкілі,Атырау қаласы,

08.08.1995 ж.-22.06.1997 ж. «Сахарный центр» ЖШС өкілі, Атырау қаласы

23.06.1997 ж.-08.12.1997 ж. Қазақстан Сауда және қаржыландыру өкілі, Атырау қаласы

16.01.1998 ж.-04.05.2002 ж. Қазақстан Республикасы Салық (қаржы) органдарында қызмет атқарды, Атырау қаласы

06.05.2002 ж.-08.02.2005 ж. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы

03.02.2005 ж.-03.01.2007 ж. «КазМунайГаз» АҚ «ЭмбаМунайГаз» шаруашылық филиалы директорының орынбасары, Атырау қаласы

30.04.2008 ж. -03.06.2008 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті, Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, Атырау қаласы

03.06.2008 ж.- 04.08.2008 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, Атырау қаласы

04.08.2008 ж. -30.07.2009 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті  Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша  Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық  көліктік бақылау инспекциясының бастығы, Атырау қаласы

19.04.2013 ж.-02.11.2014 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті  Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша  Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық  көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Атырау қаласы

03.11.2014 ж. -10.04.2017 ж. ҚР Инвестициялар және дамуминистрлігі Көлік комитеті Атырау облысы  көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Атырау облысы

10.04.2017 ж. –бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және дамуминистрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Көлік комитеті