Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген, Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):

«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» тауарында:

«Тізім бойынша жалпы ескертпелер» кіші бөліміндегі:

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ ССҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10 санаттан тұрады және ол мына санаттарды қамтиды:

Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы:

0 санат - Ядролық материалдар, құрылғылар мен жабдықтар;

1 санат - Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен «уыттар»;

2 санат - Материалдарды өңдеу;

3 санат - Электроника;

4 санат - Есептеу техникасы;

5 санат - Телекоммуникациялар және «Ақпарат қорғау»;

1 бөлім. Телекоммуникациялар;

2 бөлім. «Ақпарат қорғау»;

6 санат - Бергіштер мен лазерлер;

7 санат - Навигациялық жабдықтар мен авиациялық электроника;

8 санат - Теңіз ісі;

9 санат - Двигательдік құрылғылар, ғарыш аппараттары мен сүйемелдеуші жабдықтар.

10 санат – 0-9 санаттарда қамтылмаған, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнім.

 Әрбір санат қосарлы мақсаттағы өнімдердің 4 техникалық тобын қамтиды:

А - Аппаратура, тораптар мен компоненттер;

В - Өндірістік және сынақ жабдықтары;

С - Материалдар;

D - Бағдарламалық қамтамасыз ету;

Е - Технология. 

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Көлік комитеті