Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір теміржол станциялары мен аралық бекеттерінің атауларын қайта атау және транскрипциясын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы»

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының

4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес теміржол станциялары мен аралық бекеттерінің атаулары қайта аталсын.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес теміржол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                  Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

 

 

Жарияланған: 05.06.2017
Жаңартылған: 05.06.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Көлік комитеті